Алдағы мамыр айының соңында Астанаға ресми сапармен Беларусь Президенті Александр Лукашенко келеді

АСТАНА. 25 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі жылғы мамыр айының соңында Астанаға ресми сапармен Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен өткен баспасөз мәслихатында аталмыш елдің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Валерий Брылев мәлім етті.

В.Брылев атап көрсеткендей, А.Лукашенконың жауап ретіндегі сапары барысында Қазақстан мен Беларусь елдері арасындағы өзара экономикалық байланыстарды дамыту мәселесі талқыланатын болады.

Екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастар, Елшінің пікірінше, айтарлықтай жақсы. Оған Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконың жоғары деңгейдегі әр түрлі басқосуларда екеуара жиі пікір алмасуы, Беларусь басшысының өткен жылдың өзінде Қазақстанға екі рет жасаған сапары дәлел.

«Бізде сауда-экономикалық байланыстар жақсы. Өткен жылы тауарлар мен қызметтер 1 млрд. АҚШ доллар сомасына көрсетілді. Бұл жаман көрсеткіш емес», - деді А.Брылев.

Соңғы жаңалықтар