Алдағы үш айда Байқоңырдан үш рет ұшыру кестесі бекітілді

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Росокосмос Байқоңырдан таяудағы үш айда өтетін ұшырулардың кестесін қарастырып, бекітті. Бұл туралы Ресей ғарыш ведомствосының баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Халықаралық ғарыш стансасының (ХҒС) бағдарламасы бойынша 2015 жылдың 2 қыркүйегіне бортында халықаралық экипаж отыратын «Союз ТМА-18М» көліктік басқарылатын кемені ұшыру жоспарланды.

Ал 2015 жылдың 1 қазанынан бастап ХҒС-на «Прогресс М-29М» көліктік жүк кемесі аттануы тиіс.

Байқоңырдан ең жақын болатын ұшыру 28 тамызға белгіленген. Сол күні Inmarsat-5F3 еуропалық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылмақ.

Соңғы жаңалықтар