Алдағы жылдардағы бюджет жобаларында су мәселесі негізгі басымдыққа ие болады - Үкімет басшысы

«Соңғы екі-үш жылда дағдарысты еңсеру тұрғысындағы жұмыстарды атқардық. Атап айтқанда, су мәселесі - жүйелік шара және ұзақ мерзімге негізделген. Бұл тұрғыдағы мәселе ұлттың денсаулығына, сондай-ақ басқа да маңызды бағыттарға байланысты. Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша, ауызсу мәселесін шешуге жан-жақты кірісетін боламыз», - деп атап өтті Үкімет басшысы.
Осыған байланысты, К.Мәсімов бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке бұл тұрғыда барлық жұмыстарды үйлестіруді тапсырды. Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, 2010 жылдың нақтыланған бюджетінде бірқатар мәселелерді шешу үшін бір айдың ішінде, яғни тамыздың 15-іне дейін аталған шаралар бойынша негізгі қадамдарды аяқтау қажет, сондай-ақ жергілікті жерлерде қарастырылған мәселелерді талқылау керек. Осы орайда К.Мәсімов 2010-2013 жылдарға арналған бюджеттің жобасында су мәселесі басымдыққа ие болуы тиіс екенін қадап айтты.
«Біз алдағы бірнеше жылда осы мәселенің түбегейлі шешімін жасауымыз қажет», - деді Үкімет басшысы. Ауызсумен қамтамасыз ету жайы бойынша Премьер-Министр Ө.Шөкеевке жауапты ведомстволарға тиісті жұмыстарды үйлестіруді жүктей келе, «атап айтқанда қыркүйекте нақтыланған бюджетте барлық мәселелердің шешімін жасауымыз керек», - деді.