Алдағы жылы Қазақстан мен Канада басшылығының жоғары деңгейдегі кездесуі жоспарлануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы жылы Қазақстан мен Канада басшылығының жоғары деңгейдегі кездесуі жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында Қазақстанның Канада мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Константин Жигалов мәлім етті.
None
None

Елшінің сөзіне қарағанда, Канаданың жаңа үкіметі жасақталғаннан кейін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдоның телефон арқылы байланысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар үкімет басшылары Париждегі климаттық саммиттің алаңында кездесті.

«Өткен жылдың желтоқсанында Белградта ЕҚЫҰ саммиті алаңында екі ел сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Осы ретте аталған мәселе үнемі көтеріліп келді. Яғни, біз қазіргі кезде жоғары деңгейдегі сапар бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бұндай сапар алдағы жылы ұйымдастырылады деген үміттеміз»,-деді К. Жигалов.

Канадада атқарушы билікті үкімет атқарады және оны 2015 жылдың 19 қазан айынан Джастин Трюдо басқарып келеді. Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 10 сәуірінен бекітілді.

Соңғы жаңалықтар