Алдын ала болжамға сәйкес хоккейші С. Огурешниковтың әйелінің өліміне өз-өзіне қол жұмсау себеп болған

ӨСКЕМЕН. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемен қаласында атақты хоккейші, «Қазцинк-Торпедо» құрамасының бұрынғы қақпашысы Сергей Огурешниковтың 27 сәуір күні қаза болған жұбайын жерлеу рәсімі өтті.
None
None

Әйел тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен жерге құлаған. Орын алған қайғылы жағдай туралы тәртіп сақшыларына спортшының өзі хабарлады. Оның жары оқиға орнында ажал құшты.

«Әзірге тәртіп сақшылары өз-өзіне қол жұмсау жайты бойынша қылмыстық істі қозғап отыр, - деп мәселенің мән-жайын түсіндірді ШҚО ІІД офицері Бақытжан Тортаев. - Бүгінде сараптама жұмыстары қолға алынып, барлық болжамдар тексерілу үстінде».

Полиция қызметкерлері «өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» болжамын да жоққа шығармай отыр.

Соңғы жаңалықтар