Александр Бородюк демалыста, ешқайда кеткен жоқ - Азамат Айтқожин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан футбол федерациясы бас хатшысының міндетін атқарушы Азамат Айтқожин Қазақстанның футбол құрамасының бас бапкері Александр Бородюктің 8 қаңтар күні жұмыстан кететіні туралы ақпараттың негізсіз екенін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Александр Бордюктің Қазақстанның футбол құрамасынан кететіні туралы ақпараттың рас-өтірігін білу үшін Азамат Айтқожинға хабарласты.

«Ақпарат қате. Ол қазіргі уақытта еңбек демалысында. 8 қаңтар күні Астанаға келуі керек. Мен онымен телефон арқылы сөйлестім. Бәрі ойдағыдай. Ол демалып келгеннен кейін бәрін талқылаймыз. Осыған дейінгі Александр Бородюктің кететіні туралы ақпарат негізсіз», - дейді Азамат Айтқожин.

Соңғы жаңалықтар