Әлемдік бәсекеге төтеп беру үшін ұлттық кадрлар қабілетті болуы қажет - Б.Байбек

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Дағдарыс кезіндегі даму негізін қалау Қазақстанды үлкен өзгерістерге алып келеді.
None
None
ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек Алматыда өткен Ұлттық бизнес форум барысында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біз бұл кезеңді негізгі және тарихи кезең деп есептейміз. Өйткені қазіргі кезең біздің қоғамның өзгеруі тиіс және өзгере алатын, жаңа құндылықтардың және жаңа элитаның пайда болатын уақыты. Бұл кезеңде осы жаңа элитаның басқа құндылықтармен бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде сапалы дамуға негіз салынады. Сондықтан барлық бағытта ықпалдастық қажет», - деді Б.Байбек. Ол сондай-ақ әлемдік бәсекеге төтеп беру үшін ұлттық кадрлардың қабілетті болуы қажет екендігін атап өтті.«Ұлттық кадрлар білімді болуы және Қазақстандағы өзгерістерді жақсы түсінуі тиіс», - деді ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы қауымдастығы кеңесінің төрағасы.
Соңғы жаңалықтар