Әлемдік дамудағы ортақ қағидаттарда барлық елдердің күш-жігері қалыптасуы керек - Н. Назарбаев

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Әлемдік дамудағы ортақ қағидаттарда барлық елдердің күш-жігері қалыптасуы керек. Бүгін елордада өтіп жатқан «Жаңа онжылдық: Болашақтар мен талаптар» атты ІV Астаналық экономикалық форумы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.
None
None

«Ең әуелі құрметті меймандарға қонақжай Қазақстан жеріне басқан қадамдарыңызға құтты болсын деп айтқым келеді. Еуразия жүрегіндегі елордамызда Астаналық экономикалық форум осымен төртінші рет өтіп отыр. Халықаралық іргелі шараға қатысушылар қатары жыл сайын өсіп келеді. Осыдан-ақ форумға үлкен қызығушылық бар екендігі көрініп отыр», - деп бастады өз сөзін Елбасы Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Президент бүгінгі әлем жаңа онжылдыққа қадам басқанын айтып, қазіргі күні дүние дамуының жаңа қарсаңында тұрғанын жеткізді. «Сондықтан дағдарыстан кейінгі кезеңде жаңа қағидаттар қандай болады? Қандай жаңа тәртіп орнайды?» деген сауал баршаны толғандырады. Мен мұндай ортақ қағидаттарда барлық елдердің күш-жігерін қалыптастыру керек деп санаймын. Сонда ғана әлемдік құрылымның жаңа жүйесі баршаның және әрқайсысымыздың мүддемізге сай болады. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруге белсенді рөл атқаруға ұмтылып келеді, оны білесіздер. Бұл бағытта біздің тәжірибеміз де мол. Қазақстанның осы рөлін айқындаған ЕҚЫҰ төрағалығы мен Астана Саммитінің өтуі соған дәлел бола алады деп санаймын», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар