Әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты әрі қарай дамыту экономикалық өсуді қамтамасыз етеді

АСТАНА.  Қазанның  30-ы. ҚазАқпарат -   Премьер-Министрдің   орынбасары Ербол  Орынбаевтың төрағалығымен        өткен     Қауіпсіздік  кеңесі  ведомствоаралық   комиссиясының     бүгінгі  мәжілісінде      экономикалық қауіпсіздік мәселелері қаралды, 
None
None

деп   хабарлады  Үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

Мәжіліске   шетелдік серіктестермен   экономикалық ынтымақтастыққа және  еңбекпен қамтамасыз  етуге   қатысты  мәселелер     арқау  болды.    Энергетика  және  минералдық ресурстар,  индустрия және  сауда,     сыртқы істер,   еңбек  және   халықты әлеуметтік  қорғау,   экономика  және  бюджеттік  жоспарлау   вице-министрлері  баяндама  жасады.  

Талқылау  барысында,   әлемдік   экономикалық   дағдарыс жағдайында шетелдік серіктестермен, ең алдымен, Ресеймен   екіжақты ынтымақтастықты әрі  қарай  дамыту мен тереңдету      орнықты экономикалық  өсуді  қамтамасыз  ететін фактор болатындығы атап көрсетілді.

Мәжіліске  қатысушылар    Жол  картасы аясындағы жұмыстарды  2010 жылы   да жалғастырудың маңыздылығын  атап  көрсетті.  Бұл шара,      жаңа жұмыс орындарын құруға  және   жұмысшылардың  кәсіби біліктіліктерін   көтеруге  бағытталған   басқа да мемлекеттік  шаралармен бірге,    еңбекпен қамту саласындағы    міндеттерді шешуге көмектеседі.

Мәжілістің  қорытындысы  бойынша  жекелеген  мемлекеттік органдарға  нақты тапсырмалар берілді.

Соңғы жаңалықтар