16:41, 03 Маусым 2009 | GMT +5
Әлемдік экономикалық дағдарыспен байланысты қиындықтарға қарамастан Қазақстанның агроқұрылымдары мемлекеттің қолдауымен көктемгі егіс науқанын ойдағыдай өткізді ? ҚР Премьер-Министрі
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үкімет басшысының жұмыс сапарында оның қасына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов еріп жүр. Алдымен Премьер «Сұлтан-ұн-жарма кешені элеваторы» АҚ-да болды. Кәсіпорын ұн және макарон өнімдерін шығаруға мамандандырылған. К.Мәсімовке технологиялық үдерістердің ерекшелігі, 2007-2008 жылдары жүзеге асырылған инвестициялық жобалар таныстырылды.Бұдан кейін Премьер «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» ЖШС-да болып, мұнай-газ кешені, химия өнеркәсібі және теміржол көлігі кәсіпорындары үшін зауыт шығарған өнімдермен, сондай-ақ көрмеге қойылған Петропавлдың басқа да ірі өнеркәсіп орындарының өнімдерімен танысты. «Наурыз-2030» ЖШС көкөністерді өнеркәсіптік жылыжай жағдайында өсірумен айналысатын Солтүстік Қазақстан облысындағы бірден-бір кәсіпорын. Үкімет басшысына дақылдарды өсіру ерекшеліктері таныстырылды, «Тобыл» ӘКК-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан кешенді жаңарту жобасы туралы хабардар етілді. Бұдан кейін Премьер «Абижер» ЖШС-да болды, оның базасында Ақмола, Қостанай, және Солтүстік Қазақстан облыстары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті. Кеңесте экономиканың аграрлық секторының әртүрлі бағыттары бойынша мәселелер мен проблемалар көтерілді.Кеңесте сөйлеген сөзінде К.Мәсімов ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде сөйлеген сөзінде агроөнеркәсіптік кешенді өндірістік қауіпсіздіктің негізі деп атағанын айтып өтті, сондықтан да ол тиімді дамуы, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу пайдалы және бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Кеңеске қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Премьер әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, Қазақстанның агроқұрылымдары мемлекеттің қолдауымен көктемгі егіс науқанын ойдағыдай өткізгенін атап өтті. Бүгінде дәнді дақылдар 95-97 пайыз алқапқа егілді, маусым-шілде айларында жақсы жаңбыр болады деп күтілуде, біз бітік егін өсіреміз деп үміттеніп отырмыз. Кеңес барысында Үкімет басшысы ауыл шаруашылығының базалық салалары: астық өндірісін, егіншілікті, мал шаруашылығын, ірі тауарлы сүт өндірісін, майлы дақылдар өндірісін ұлғайту, жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне тоқталды.