Әлемдік қаржы дағдарысы Астананың дамуының оң қарқынына тосқауыл болған жоқ - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Әлемдік қаржы дағдарысы Астананың дамуының оң қарқынына тосқауыл болған жоқ.
None
None

Бұл туралы бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан IV Астанадық экономикалық форум аясындағы ІІ халықаралық инвестициялық форум барысында Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтып өтті.

«Әлемдік қаржы дағдарысының өткен толқыны елорданың экономикалық қарқынына тежеу болғанымен, бұл дағдарыс Астананың дамуының оң қарқынына тосқауыл бола алмады»,-деп атап өтті И. Тасмағамбетов.

Әкімнің сөзіне қарағанда, 10 жылдың ішінде қаланың жалпы өнімі 50 есеге өсті. Ал еліміздің ішкі жалпы өнімінде Астананың үлесі 1,5 пайыздан 10 пайызға дейін артты. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 7 еседен астам көрсеткішке жоғарылады. «Атап айтқанда бұл көрсеткіш инвестиция секілді экономикалық құрамдас бөліктің үлесі арқылы тікелей іске асырылды. Және өткен 10 жылда инвестиция 30 есеге өсті. Осы тұрғыда біз Астананың бәсекеге қабілетті ресурсын, сондай-ақ бағалы активін байқап отырмыз»,-деді қала басшысы.

Осы орайда ол өткен жылда өңірлік жалпы өнім 10 млрд. АҚШ долларын құрағанын, бұл көрсеткіш 2009 жылға қарағанда 7 пайызға артық екенін айтып өтті.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 9 пайызға артып, 755 млн. АҚШ долларына жетті. Өңдеуші өнеркәсіптегі көрсеткіш 18,4 пайызға өсті. Сондай-ақ бөлшек сауда айналымы 2 млрд. АҚШ долларына жуықтады. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция 2,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар