Әлемдік қаржы дағдарысына банкирлер де себепкер - Дэвид Рокфеллер

АСТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысына банкирлер де себеп болды, және олардың көмекшілері де бар. Бұл жөнінде ФРГ іскерлер ортасының органы - «Хандельсблат» газетінде жарияланған сұхбатында, әйгілі банкир, АҚШ-тағы аса ықпалды истеблишмент және жаһандану идеологтары өкілдерінің бірі Дэвид Рокфеллер мәлімдеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

Неміс басылымдарының дағдарысқа банкирлер кінәлі ме? - деген сауалына Рокфеллер: «Әрине, олар маңызды рөл атқарды. Несиені ұқыпсыз тарату, олардың өз клиенттеріне сатқан экзотикалық қаржы өнімдері, осылардың барлығы қаржы дағдарысына себеп болды», - деді.

Дегенмен, 95 жастағы америкалық банкир, «бұған тек банкирлер ғана кінәлі емес - олардың саясаткерлер, ипотекалық маклерлер, АҚШ Федералдық резервтік жүйе (ФРЖ) секілді "көмекшілерінің» болғанына сенімді.

Рокфеллердің пікірінше, қазіргі дағдарыстан құтылып кету мүмкін емес еді, өйткені оның тамыры тереңде жатыр, дегенмен, «оны сәл де болса жеңілдетуге болар еді».

«ФРЖ, 2007 жылдың соңы мен 2008 жылдың басында пайыздық мөлшерлемені көтеруі тиіс еді, тым болмағанда, оны көтеру туралы мәселе қарап жатқандай кейіп танытулары керек болатын. Бұл шара маңызы төмен несиелер көлемін күрт қысқартатын еді. Өкінішке орай, бұлай жасалмады, енді біз соның салдарымен өмір сүріп келеміз», - деп көрсетті Рокфеллер.

Соңғы жаңалықтар