Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі хатшылығының отырысын 2011 жылы өткізу ұсынысы жасалды

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қалыптасқан дәстүрге және өткен съезд барысында қабылданған шешімге сәйкес келесі форум 2012 жылы Астанада өтеді.
None
None

Біз өз тарапымыздан бұл іс-шараны қыркүйек немесе қазан айларының басында өткізуді ұсынамыз. Бұл туралы бүгін Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары съезі  хатшылығының ІХ отырысында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгінгі жиын барысында съезд  хатшылығының Х отырысын өткізу мерзімін анықтауымыз қажет. Барлықтарыңыздың жұмыс кестелеріңіз өте тығыз екенін білеміз. Оның үстіне елдеріміз арасындағы қашықтық та аз емес, жол қатынасы да оңай болмас. Сондықтан біз келесі отырысымызды 2011 жылы қыркүйектің бірінші онкүндігі ішінде өткізуді ұсынамын», деді Қ. Тоқаев.

Оның айтуынша,  оған дейінгі мерзімде осы отырыстың қорытындысы бойынша құрылатын жұмыс тобы қызмет атқарып, қажетті құжаттар жобасы мен ІX съезд күнтәртібі бойынша өзара келісілген ұсыныстар дайындалуы керек. «Жұмыс тобының мүшелері өзара электрондық хат алмасу арқылы байланысып, Астанада кездесулерін өткізе алады», деді Сенат төрағасы.

Соңғы жаңалықтар