Әлемдік сауда флотының бестен бірі гректерге тиесілі

АСТАНА. KAZINFORM — Грекияның сауда флоты әлемдегі ең ірілердің бірі саналады — ол 5 700 кемеден тұрады және әлемдік сауда флотының 20%-ын құрайды, деп хабарлайды Shipping Herald.

Грекам принадлежит одна пятая торгового флота мира
Фото: shippingherald.com

Грек сауда флоты әлемдік флоттың 20%-ын және Еуропалық одақ флотының 61%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштер Грек кеме иелерінің одағының есебінде келтірілген.

Сонымен қатар жариялаған жыл сайынғы есепте атап өтілгендей, Грекия жаһандық және еуропалық энергетикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жеткізу тізбегінің тұрақтылығына елеулі үлес қосып отыр.

Бұдан бөлек есепте грек кеме иелерінің теңіз саласындағы «жасыл ауысымда» көш бастап тұрғаны айтылды. Олар қоршаған ортаға зияны аз, энергияны тиімді пайдаланатын технологиялармен жабдықталған жаңа кемелерге тұрақты түрде ірі инвестициялар салып келеді.

Грек кеме иелері одағының президенті Мелина Травлудың сөзінше, өткен жыл әлемдік кеме қатынасы үшін түрлі қиындықтарға толы кезең болды.

— Экономикалық, экологиялық және геосаяси тұрақсыздық жағдайында, теңіз жолдарындағы шиеленістер мен кемелердің еркін қозғалысына төнген қауіптерге қарамастан, грек кеме қатынасы өз көшбасшылық рөлін абыроймен атқарды, — деді одақ президенті.

Осыған дейін Грекия аралдарына круиздік сапарлар бағасы өскені хабарланды. Елде жаңа салық енгізілді. Билік бұл қаржы туризм мен инфрақұрылымды дамытуға жұмсалады деп түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар