22:13, 19 Сәуір 2013 | GMT +5
Әлемге әйгілі үнді режиссері Яш Чопраның «Мен әзірге тірімін» фильмінің Қазақстандағы прокаты басталды
АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда әйгілі үнді режиссері Яш Чопраның өмірінің соңында түсірілген ең ақырғы «Мен әзірге тірімін» фильмінің Қазақстандағы прокаты басталды.
Басты рөлдерді Шах Рукх Кхан (Самран), Катрина Кэиф (Мира), Анушка Шарма (Акира) сомдаған бұл туынды 2012 жылы жарық көрген болатын. Бюджеті 7 217 600 АҚШ долларын құрайтын фильм бұған дейін 16 елде көрсетіліп, прокаттан 26 153 008 доллар қаржы жинаған еді. Дистрибьютерлердің айтуынша, биыл олар Қазақстандағы кинотеатрлар экранына 15 үнді фильмін шығаруды жоспарлап отыр. Фильмдерінің көпшілігі хитке айналған Я.Чопраның 80 жасында өмірге әкелген «Мен әзірге тірімін» фильмі Қазақстанда биылғы жылы үлкен экранға шыққан бесінші үнді картинасы болып отыр.