22:38, 03 Қазан 2015 | GMT +5
Әлемге қамқорлық үшін жаһандық стратегиялық бастама ұсынылды - Р.Жұмашев
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстанның болашаққа тиімді жобаларды ұсынуға қабілетті ел екенін көрсетті, деп есептейді Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымдарының докторы Рымбек Жұмашев.
«БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы бүкіл әлем жұртшылығының назарын тіккен оқиғаға айналды» деген ғалым
Қазақстанның идеялар мен жобалардың бастамашысы ретінде шығып отырғанын маңызды оқиға деп атады.
«Халықаралық құқық негізінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуды толық қолдайтын Қазақстанның өзгермес позициясы мен оның ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан бірінші мемлекет ретіндегі тарихи рөлін атап өткен Мемлекет басшысы БҰҰ жүз жылдығына Жаһандық Стратегиялық Бастама - 2045 жоспарын әзірлеуді ұсынды», - деді Р.Жұмашев.