Әлемнің бес елінен 150-ден астам боксшы Қарағандыда Ғ.Жарылғаповты еске түсіруге арналған халықаралық турнирге қатысуда

Турнир хатшылығының хабарлауынша, оған Қазақстан, Куба, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің былғары қолғап шеберлері қатысуда.
Турнирдің ашылу салтанатында жиналғандарды Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов, Куба Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абеларда Эрнандес Феррер, Қазақстан бокс федерациясының өкілдері құттықтады.
Турнирді ұйымдастырушылар жарыстың жоғары деңгейін атап көрсетуде. Сайысқа Қазақстан құрамасының барлық мүшелері, соның ішінде екі мәрте әлем чемионы Серік Сәпиев те қатысып отыр.
Турнирдің бас төрешісі - әлем чемпионы және қазақстандық бокстың ардагері, Ресейден келген Валерий Рачков. Құрметті қонақтардың арасында үш дүркін әлем чемпионы, кубалық Феликс Савон, Куба бокс федерациясы президентінің кеңесшісі, Кубаның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сагарра Карона Алсидес бар.
Ғ.Жарылғапов атындағы халықаралық турнир желтоқсанның 18-інен 22-сіне дейін өтеді. Биылғы турнирге «Нұр Отан» ХДП қоамқоршылық жасап отыр.
Ғ.Жарылғапов биыл тірі болса 70 жасқа келер еді. Даңқты спортшы 1984 жылы дүниеден өтті, сол жылы оны еске түсіруге арналған алғашқы турнир өткізілді.