Әлемнің төртбұрышымен теңесу үшін халықтың бірлігі маңызды - С. Жолдаяқова

«Біріншіден, Жолдаудың ертерек жарияланғаны, оның Үкімет үшін жаңа 2015 жылға дейін жоспар жасауға мүмкіндік берді. Расында да, дүниежүзіндегі геосаяси дағдарыс, жаһандық жағдай, халықаралық экономикалық ахуалдың біздің еліміз үшін де әсері орасан зор болмақ.
Осындай үлкен сынақтан сүрінбей өтіп, әлемнің төртбұрышымен терезесі теңесу үшін мемлекеттің ұстанған саяси бағыты мен халықтың бірлігі маңызды. Сондықтан дайын болуымыз қажет. Жолдауда көрсетілген түрлі бағыт-бағдар мен жетекшіліктер іс-жүзінде жүзеге асып, халық жағдайын жақсарту мақсатына жетіп жатса, жарқын болашаққа қадам басқанымыз.
Технологиясы мен инновациясы алда атанған күн шығыс елі сияқты дамыған мемлекетте білім нәрімен сусынып жатқандықтан, осы елдің тұрмыс-тіршілігімен танысып, болашақта біздің Отанымыз да осы елдер қатарынан көрінетіне кәміл сенгім келеді», - дейді ол.