Әлемнің түкпір-түкпірінде «Назарбаев», «Астана», «Қазақстан» сөздері тұрақтылық, қарқынды өсу және жаппай құрметтің синониміне айналды - Елбасына құттықтау

АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге және Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу туралы шешім қабылданғанына байланысты құттықтау жеделхаттары мен хаттар көптеп келіп түсті.
None
None

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Құттықтау жолдаған авторлар қатарында оқушыдан зейнеткерге дейінгі, қарапайым еңбеккерден көрнекті мемлекет және қоғам қайраткеріне дейінгі барлық әлеуметтік топ өкілдері бар. Хаттардың басым бөлігі кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ұжымдарынан келді.      

 «Әлемнің түкпір-түкпірінде «Назарбаев», «Астана», «Қазақстан» деген сөздер тұрақтылық, қарқынды өсу және жаппай құрметтің синониміне айналды» делінген Өскемен қаласынан келген «Қазмырыш» компаниялар тобы ұжымының хатында. Жас тәуелсіз мемлекет құрылысындағы Қазақстанның табыстары, оны құрудағы еліміздің Тұңғыш Президентінің орасан рөлі мен еңбегі  ҚР Ұлттық ядролық орталығы, «Қазхром ТҰК» АҚ, «Кегок» АҚ, «ҚазФосфат» ЖШС, Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың Қазақстандағы өкілдігі, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, Қостанай қаласындағы «Иволга-Холдинг» ЖШС, Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы «Рза» АҚ ұжымдарының және басқалардың құттықтауларында атап өтіледі.

Нұрсұлтан Назарбаевқа өздерінің шынайы құттықтауларын білім мен ғылым саласының өкілдері де жолдаған.

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттерінің хатында: «Еліміздің тарихы үшін мұндай маңызды мерекенің бекітілуі - біздің елімізді үздіксіз ілгерілеу мен өркендеу жолына бастаған Ұлт Көшбасшысы ретінде Қазақстан халқының Сіздің еңбегіңізді мойындауы», - делінген. Мұндай пікірлер әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ғ.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институты, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру институты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының, Алматы қаласынан «Ана Жер» ғылыми-өндірістік бірлестігінің ұжымдары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академиктері Ә.Бейсенова мен С.Қирабаев, Павлодар облысынан білім саласының ардагері Ш.Исенова, Шығыс Қазақстан облысы мектептерінің мұғалімдері, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауылының Жамбыл атындағы мектеп-лицейі, Астана қаласынан кітапханашы М.Ахтаева, Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің профессоры А.Қарасайтегі, Шығыс Қазақстан облысындағы білім саласының қызметкерлері, «Enactus Қазақстан» халықаралық форумының өкілі А.Ержанова жолдаған құттықтауларда білдірілген.

Қазақстанның халық артисі, композитор Б.Жұманиязов, КСРО халық суретшісі, ҚР ҰҒА академигі Қ.Телжанов, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет қайраткерлері, Қазақ ұлттық өнер университетінің, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің ұжымдары, Астанадағы цирк артисі М.Өселбаев өз құттықтаулары мен игі тілектерін білдірген.

Мемлекет басшысына рухани қуат тілеген еліміздің діни қайраткерлері қатарында Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Орал епархиясы православ христиандары мен дінбасылары, Қарағанды қаласынан «Свет мира» жергілікті діни бірлестіктер шіркеуінің пасторы Т.Рахматуллин бар.

Жүрекжарды құттықтаулар жастар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен келіп түсті. Олардың арасында жас қазақстандықтар - Қызылорда қаласынан З.Өмірзаққызы, Астана қаласынан Н.Шералы, Шымкент қаласынан М.Ерболатова, К.Бөгенбай, Р.Піскенбаева, Ж.Молдахметова, Тараз қаласынан №48 орта мектебінің оқушылары, Павлодар облысы, Ақсу қаласынан А.Ералиева, Павлодар қаласының «Самал» оңалту орталығы МҚҰ қызметкерлері, Ақтөбе облысы, Темір ауданының жастары, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының және Павлодар облысы, Қашыр ауданының «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола облысы ХV сессиясына қатысушылар, Қызылорда облыстық Азаматтық Альянсы мүшелері, Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясы Орталық Азия бойынша Аймақтық Өкілдігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл Ай Қоғамы, «Е.Қайыржанов атындағы Қазақстан криминологтар одағы» ЗТБ, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының Батыс Қазақстандағы филиалы және «Желтоқсан-86 - Тәуелсіздік Қырандары» халық батырлары қозғалысы бар. Хат иелері бұл мереке ел өмірінде үлкен қоғамдық-саяси мәнге ие екенін, Ұлт Көшбасшысы бағытының аясында барша қазақстандықтардың бірлігін және жалпы қоғамның топтасуын білдіретінін атап өткен. Өз кезегінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері бүгінде еліміздің әр азаматы Мемлекет басшысының бастамалары мен ойларын қолдайтынына сенім білдіреді. 

Астана қаласындағы «Мейірім-Демеу» аналар мен балаларды қолдау және көшіп-қонушылардың ақпараттық орталығы» ұжымы мен оралмандардың республикалық «Асар» қоғамдық бірлестігінің өкілдері Мемлекет басшысын құттықтай отырып, «тәуелсіз еліміз тарихындағы әрбір берекелі де игілікті істер, бірлігіміз бен тыныштығымыз, республиканың әлемдік аренадағы беделі мен абыройы Сіздің атыңызбен тығыз байланысты» деп жазады.

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемесінің» қызметін пайдаланушылар бұл мерекені «Тұңғыш Президенттің туған Қазақстанымыздың игілігі үшін әр күн сайын атқарып жатқан зор еңбегінің заңды нәтижесі» деп атайды.

Мемлекет басшысын маңызы зор оқиғамен Қостанай облысынан соғыс және еңбек ардагері Ф.Карапыш құттықтап, бұл мереке «Ұлт Көшбасшысының ерен еңбегін халықтың мойындауы» деп атап өтеді. Мұндай мазмұндағы хаттар Оңтүстік Қазақстан облысы, Үшбұлақ ауылынан ардагер Ә.Өмірәліұлынан, Павлодар облысы, Қашыр ауданынан В.Пахандриннен, Астана қаласынан А.Бекмәдиевтен, Ақмола облысының ақсақалдарынан, Жамбыл облысы, Жаңатас қаласынан тыл еңбеккері К.Каштановадан, Астана қаласындағы «Ардагер» АҚ өкілдерінен, Қызылорда облысы, Қазалы қаласынан З.Баймахановадан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласынан М.Барлыбаевтан, Семей қаласынан Н.Қасеновадан, Шығыс Қазақстан облысы, Прибрежный кентінің тұрғындарынан, Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері мен фермерлерінен, Көкшетау қаласынан Б.Қожановадан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Мырзакент ауылынан Р.Төлемісовадан, Қызылорда облысы, Аққорған ауылынан А.Әмзеевтен, Алматы облысы, Кеген ауылынан С.Оразаевтан, Қарағанды облысы, Шахтинск қаласынан М.Бачаевадан келді.

Еліміздің Президентіне қолдаулары мен ізгі тілектерін хат арқылы білдіргендер арасында Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауылынан А.Касмаль, Алматы облысы, Талдықорған қаласынан Н.Летов, Б.Төреханова, Қостанай қаласынан Ж.Ақбасов, Семей қаласынан Б.Ботантаева, К.Әбілмәжінов, Астана қаласынан Ж.Ғабдуллин, М.Құсайынов, Л.Панчук, Р.Байғабылова, Рогалевтар отбасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Абай ауылынан М.Байтасов, Қызылорда қаласынан Х.Құнанқараев, Алматы облысы, Талғар қаласынан К.Дугашев, Алматы қаласынан М.Қасенова, Б.Мәсәлімов, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданының жұртшылық өкілдері, Шымкент қаласынан В.Андрюков, Орал қаласынан С.Досанова, Т.Құбашев, Тараз қаласынан А.Назарбаева, Е.Сыбанқұлов, сондай-ақ «Рысбаева и К» ЖШС жетекшісі С.Рысбаева, Павлодар облысынан Ақсу ферросплав зауытының жұмысшысы В.Кресс, Қызылорда облысы, Тереңөзек ауылынан А.Жамабатыров, Атырау қаласынан Б.Өтетілеуова, Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласынан З.Торыбаев бар.      

Мемлекет басшысына құттықтауларын Қарағанды облысындағы Теміртау қаласынан Н.Беликов пен Ағадыр ауылынан О.Қойшыбаев, Қостанай облысы, Рудный қаласынан М.Костина, Ақтөбе қаласынан Ж.Омаров, Алматы қаласынан С.Алентьев, Ақтөбе облысы, Ойыл ауылынан Г.Серікқалиева, Астанадан Ш.Асубаева, Айжан мен Әлия Айтхожиналар өлеңмен жолдаған. 

Президент поштасынан орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларынан, еліміздің Парламенті мен облыстық мәслихаттар депутаттарынан, дипломатиялық корпустан, республиканың бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен, сондай-ақ шетелдік саясат, ғылым, мәдениет және іскер топтар өкілдерінен, халықаралық ұйымдар жетекшілерінен келген хаттар мен жеделхаттар үлкен орын алды.     

Атап айтқанда, «Сіздің көрегендігіңіз, мемлекет басқарудағы мол әрі сан қырлы тәжірибеңіз, сондай-ақ, ерен еңбегіңіз Қазақстан экономикасының қарқынды дамуының  және оның азаматтарының әл-ауқаты артуының, қоғамдық келісім мен бірліктің сақталуының кепілі болмақ» делінген «Еуразия даму банкі» басқармасының төрағасы  И.Финогеновтың хатында.

Соңғы жаңалықтар