Әлемнің үздік теннисшілері ҚР Президентінің Кубогы үшін сынға түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астананың Ұлттық теннис орталығында Президент Кубогы үшін ATP Challenger және  ITF Women's сериялары бойынша үлкен теннистен ХІХ халықаралық  турнир өтеді. Жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

17-23 шілде күндері өтетін байрақты бәсекеге әлемнің 30 елінен 200-ге жуық теннисші қатысады. Олардың қатарында әлемдік рейтингтің ТОП-жүздігіне кіретін спортшылар да бар. Қазақстан намысын Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Дмитрий Попко және Камила Керімбаева қорғайтын болады.

Турнир аясында 8-15 шілде аралығында «Керуен» ойын-сауық орталығында Қазақстан құрама командасының мүшелері шеберлік сабақтарын өткізеді.

Дәл осы күндері, яғни 17-23 шілдеде «Astana Masters 12& under President's Cup» балалар теннисі және әуесқой теннисшілер арасында «AstanaOpen» турнирі де өтеді. 

Соңғы жаңалықтар