Әлеуметтік баспананың қолжетімді болуы мамандар тапшылығын жоюға көмектеседі - С.Қайырбекова

Кездесуде вице-министр Жолдауда туындап отырған міндеттердің маңыздылығы мен оны жүзеге асыру барысы жайлы түсіндіріп өтті.
Оның айтуынша, Елбасы биылғы Жолдауында алдағы уақытта көптеген жұмыстардың күтіп тұрғанын және оны жүзеге асыру үшін көліктік-логистикалық, индустриалдық және энергетикалық инфрақұрылымдарды дамытуға зор көңіл бөліп отыр.
"Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" Жолдауы - еліміздің рухын асқақтатын, күш-қуатын біріктіретін, алыс және жақын болашағымыздың бағдарларын айқындайтын құжат. Бұл жолғы Жолдау жаһандық экономикалық дағдарысты дарытпайтын, сондай-ақ тұрақтылықты сақтап, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Әсіресе, тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға басымдықтар берілген. Мемлекет әлеуметтік баспаналар салып, оны тұрғындарға сатып алу құқығын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсыну тетігін бұрынғыдан бетер іске қоса түспек. Бұл өз кезегінде әлеуметтік сала, оның ішінде медицина қызметкерлеріне баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен алуға қол жеткізіп қоймай, мамандар тапшылығын жоюға көмектеседі", - дейді С.Қайырбеков.
Сонымен қатар республикалық ақпараттық-насихат тобының жетекшісі Көкшетау қаласы, Бұланды, Ақкөл және Шортанды аудандарындағы бірқатар медициналық мекемелерде кездесу өткізуді жоспарлап отыр.