Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық - бизнесті дамытудың кепілі - А. Ертин
«Қазақстан үкіметі елде инвестициялық климатты жақсарту мақсатында көп жұмыс атқаруда. Өйткені, мемлекеттің жан-жақты қолдауынсыз кез келген елде шет елдік инвестор үшін табысты бизнес құру мүмкін емес. Бизнесте болашаққа жоспар құру өте үлкен маңызға ие. Ал мұны тек әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық орнаған елде ғана жүзеге асыруға болады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық - бизнесті дамытудың кепілі. Қазақстанда осындай қолайлы инвестициялық климат қалыптасқан. Біз сол үшін де ел экономикасына инвестиция жұмсауды жалғастырып жатырмыз. Биыл Астанада іске қосылған зауытымыз соның айқын дәлелі бола алады. Сонымен қатар, Қазақстанда инвестициялық омбудсменнің жұмысы жолға қойылды. Бұл бізге көптеген мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді», - деді А. Ертин.