Әлеуметтік қамту шараларына 2010 жылдың бюджетінде 928 миллион теңге бөлінген - Ақмола облысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жылдың бас қаржы құжатында мүгедектер мен қарттарға, аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсетіп, тұрғындарды жұмыспен қамтуға ерекше мән беріліп отыр. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен соғыс мүгедектері республикалық бюджеттен бөлінген көмекпен бірге облыстық бюджет есебінен 2,5 айлық көрсеткіште коммуналдық жәрдем алатын болады. Осы мақсатқа бюджетте 36,8 миллион теңге ескерілген. Олар сонымен бірге шипажайларда денсаулықтарын түзеу мүмкіндігіне ие болмақ. Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына орай қарт жауынгерлер мен соғыс мүгедектеріне,Чернобыль апатының жарымжан жандарына, соғыста қайтыс болғандардың отбасыларына, тыл еңбек ардагерлеріне бір реттік жәрдемақы үшін 153,1 миллион теңге бөлінді. Оның сыртында мүгедектер қажетіне 48 миллион теңге ескеріліп отыр.