13:46, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Әлеуметтік карта аймақтың әрбір елді мекенінде болуы тиіс ? ШҚО әкімі
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат – Барлық деңгейдегі билік органы жағдайдың барысын толық біліп отыруы тиіс, ол үшін барлық елді-мекен түгелдей сараптамадан өтуі керек.
Қанша жұмыскер бүгінде жұмыссыз қалуда, ертең бұл көрсеткіш қаншаға өседі және адамдарды қайда жұмысқа орналастыру керек ? міне, осының барлығы да дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру тізбегінің белгілі бір буыны, деп атап өтті ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев аудан және облыс бойынша танысу сапары кезінде ауылдық және кенттік округтердің әкімдерімен кездесуінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкім Б.Сапарбаев жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуын бірінші кезекке шығарды, өйткені, барлық әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы тікелей осыған байланысты болады.Жұртшылық дәл қазіргідей дағдарыс жағдайында жергілікті биліктің өздеріне деген қамқорлығын үнемі сезініп отырулары тиіс. Бұл ? халықпен, олардың мұң-мұқтажына сәйкес кездесулер өткізу, оларға жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты түсіндіру, жергілікті жерлердегі идеологиялық жұмыстарды жандандыра түсу және мемлекеттік құрылым жұмысындағы бюрократтық кедергілерді түп-тамырымен жоюға күш салу. Мұның негізіне ? мемлекеттік қызметкерлердің темірдей тәртібі жатады және тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар тұрмыста да осындай берік ұстаным болуы керек.
«Бізге белгілі іске мақсат құрған, жұмыс жасай алатын әкімдер керек» - деп, атап өтті Б.Сапарбаев.