Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация аймақтағы бірден-бір даму институты болып табылады - ҚР Үкіметінің басшысы
Үкімет мүшелері егін жинау мәселелерін талқылады, сондай-ақ Әлуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын дамыту тұжырымдамасының жобасын қарады.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Евгений Аманның хабарлағанындай, «республикада дәнді дақылдарды жинау түгелдей дерлік аяқталды». «15 млн. гектардың немесе 99,7 пайыз дәнді дақылдар егісі алқабы орылып, алғашқы салмағында 14 млн. тоннаға жуық дән жиналды, егін түсімі гектарына 9 центнерден айналды. Енді 52 мың гектар алқаптың егінін жинау қалды. Бұлар негізінен оңтүстік аймақтар облыстарындағы жүгері мен күріш егістіктері», - деп атап өтті жауапты хатшы.
Отырыста сондай-ақ астық нарығындағы жағдай тақыланды және құрғақшылық салдарын жұмсарту шаралары қаралды.
Талқылауды қорытындылай келіп, Премьер-Министр «биылғы жылдың күрделі климаттық жағдайларына қарамастан тым жақсы егін жиналды», деп атап өтті.
«Өткен жылдардан қалған өнімді ескере отырып, 13 млн. тонна тауарлы астықтың арқасында біз өткен жылғы экспорт қарқынын сақтап қаламыз деген ойдамын. Аймақтар мемлекеттік қорға астық сатып алу тапсырмаларын орындаулары және жиналған егінді сақтауды қамтамасыз етуі тиіс. Бұдан басқа оны ішкі және сыртқы нарықтарда өткізуді бастау қажет», - деді С.Ахмаетов.
Бұдан басқа, Премьер-Министр облыс әкімдеріне «бидай астығының мақсатты жұмсалуы, бірінші сұрыпты ұнға бағаның тұрақтылығы мәселелерін жеке бақылауларына алуға» тапсырма берді. ,
Отырыста сондай-ақ Экономикалық даму және сауда министрі Ерболат Досаев Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасының жобасын ұсынды.
ЭДСМ басшысының атап өтуінше, «ӘКК-ның қызметі кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға, жаңа өндірістерді құруға және жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға, инвестицияларды тартуға және үкіметтік бастамаларды іске асыруға бағытталған».
ӘКК-ның негізгі проблемаларының арасында ЭДСМ-нің басшысы «коммерциялық және коммерциялық емес міндеттерді араластыру, дамытудың бекітілген стратегияларының жоқтығын, ӘКК-нің жеткіліксіз капиталдануын, бірлесіп басқарудың төмен деңгейін, сондай-ақ активтерді басқарудағы жеткіліксіз тәжірибе және содан туындайтын инвестициялық портфельдің төмен сапасын» атады.
ӘКК-ның тиімділігін арттыру мақсатында Экономикалық даму жән сауда министрлігі ӘКК-ны дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірледі.. Тұжырымдама аясында ӘКК-ның рөлі мемлекет пен бизнестің серіктестігі принциптеріне құрылған аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектесу болып табылады.
«Болашақта ӘКК активтерді тиімді басқаратын, аймақтың өсім нүктелерінде, соның ішінде инвестицияларды тарту арқылы экономикалық белсенділікті ынталандыратын, бәсекеге қабілетті тұрақты өндірістерді қалыптастырудың катализаторлары болатын аймақтық дамыту институттарына айналуы тиіс», - деп хабарлады ЭДСМ-нің басшысы.
ӘКК қызметінің тағы бір маңызды қырына «жергілікті бюджетке кейіннен аймақтың әлеуметтік маңызды жобаларын іске асыру үшін дивиденд түрінде таза кіріс бөлігін жіберуден тұратын оның әлеуметтік жауапкершілігі жатады», - деп қосып өтті Е.Досаев.
Премьер-Министр Серік Ахметов «ӘКК-ның аймақтағы бірден-бір дамыту институты болып табылатынын» атап өтті. «Жалпы алғанда, ӘКК-ні жетілдіру бойынша ұсыныстарды қолдай отырып, оны одан әрі пысықтай түсу қажет», - деді Министрлер кабинетінің басшысы.
Премьер-Министр сондай-ақ «барлық ӘКК-ның жұмыстың шығынсыз деңгейіне шығуы» қажеттігіне назар аудартты. «Бұл маңызды аспект барлық облыс әкімдерінің назарында болуы тиіс. Бұдан басқа, тұжырымдаманы есепке ала отырып, әрбір ӘКК-ны дамытудың жоспарларын қайта қарастырып, бекіту және олардың орталық деңгейдегі тиімділігінің бағалануы мәселесін қою қажет», - деп атап өтті Үкімет басшысы.