Әлеуметтік қорғау жүйесі дамуда ? «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамасын жүзеге асыру

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Нұр Отан» ХДП Халықтық тұғырнамада көзделген «Қазақстанның гүлденуі және қазақстандықтардың игілігі үшін: еліміздің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз» атты сайлауалды уәдесін ойдағыдай орындап келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елімізде әлеуметтік қорғау жүйесі дамып келеді, халықтың әлеуметтік тұрмысы нашар тобына мемлекеттік қолдаудың көлемі арта түсуде. Айталық, 2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап, мемлекеттік әлеуметтік төлем көлемі 12 пайызға дейін көбейтілді. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 14 066 теңге, асыраушысы қайтыс болған жағдайда ? 12 662 теңге, жасы бойынша ? 7 223 теңге болды. Арнайы мемлекеттік төлемақы көлемдері де: №1-ші тізім бойынша - 11 691 теңгеге дейін, №2-ші тізім бойынша ? 10 694 теңгеге дейін көтерілді.Үш жылдық республикалық бюджетке сәйкес 2009-2011 жылдары халықтың тұрмыс деңгейін одан әрі көтеру үшін мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді жыл сайын 9 пайызға көтеріп отыру көзделген.Елімізде 102 мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме, 127 мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп отырған отбасыларға әлеуметтік көмек бөлімдері, 321 қарттар мен мүгедектер үшін үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімдер бар. Мүгедектер үшін 10 оңалту орталығы қызмет көрсетеді. «Қазақ соқырлар қоғамы» және «Қазақ саңыраулар қоғамы» секілді мүгедектердің республикалық қоғамдық бірлестіктері оқу-өндірістік кәсіпорындары өндіретін және көрсететін тауарлар, жұмыстар және қызметтер түрлерінің атаулары кеңейтіле түсті. Баласы бар отбасыларға төлемақы төлеуге осы жылдың жергілікті бюджетінде 8,6 млрд. теңге қарастырылған, оның ішіндегі 2,1 млрд. теңге - республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттер. Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан заң бойынша төленетін төлемнің көлемі осы жылғы мамырдың 1-інде 14 млрд. теңгені құрады. Үш жылдық бюджет ішіндегі бюджеттік қаржыны қайта бөлу бюджеттік төлемдердің әлеуметтік құрамдарын күшейтуге жол ашты. Тағайындалған көмек сомасы 871,6 млн. теңге құрады және 2008 жылмен салыстырғанда биыл 4,3 пайызға артты. Атаулы әлеуметтік көмектің орташа көлемі 2008 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 8,9 пайызға көбейіп, 1875,3 теңгені құрады. Осы жылы тұрғын үйге көмек ретінде төлемақы жергілікті бюджетте 4,3 млрд, теңге деп көрсетілген, оның ішінде тұрғын үйге көмектің жалпы сипатының трансферті ? 3,8 млрд. теңгені құрады. 2009 жылғы сәуірдің 1-інде тұрғын үй көмегі 145,2 мың отбасын қамтып, жалпы сомасы 1,5 млрд. теңге бөлінді.Бұдан басқа, жұмыс істейтін әйелдер үшін, жүктілікті, босануды және ананы міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.
Соңғы жаңалықтар