Әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қолдау жөніндегі меморандумға қол қойылды ? Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Алматы облыстық филиалы әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қолдау жөнінде Алматы облыстық кәсіпшілер одағымен, «Алматы облыстық Ауғанстан соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігімен, облыстық ардагерлер ұйымымен меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айтбай Сейітовтің хабарлауынша, азаматтық қоғам институттарымен ? саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен, кәсіподақтармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара түсіністік және аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою жөніндегі жұмыс одан әрі жалғаса түспек.
Соңғы жаңалықтар