Алға ауданына жаңа әкімі тағайындалды - Ақтөбе облысы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы әкімінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы өкімімен Мавр Ерғалиұлы Абдуллин Алға ауданының әкімі болып тағайындалды.
None
None

Ол 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл ДЭУ-40 аудандық ұйымында бастады. Ойыл ауданында жеке кәсіпкерлікпен айналысты. Ойыл аудандық мәдениет бөлімінде меңгеруші, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болды. 2012 жылдың сәуірінен бері Ойыл ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Соңғы жаңалықтар