Алғашқы айналымын сәтті бастаған Т.Болат жапондық дзюдошыға есе жіберді

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарында еліміздің намысын қорғаушы дзюдошы Тимур Болат 1/16 финалда жапондық  Масаси Нисиямадан ұтылып қалды.
None
None

Белдесу кезінде «юки» әдісімен 1 ғана ұпай еншілеген жапондық спортшы келесі айналымға жолдама алды.

Айта кетейік, әлемдік рейтингте 27-ші орында тұрған 27 жастағы қазақстандық татами шебері бұған дейін 30 жастағы тәжірибелі мысырлық дзюдошы Хешам Месбахты иппон әдісімен таза жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар