Алғашқы кезеңде Қаламқас, Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кеніштерінде мұнай өндіру жоспарланып отырған жоқ - НКОК

Ал Қаламқас, Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кеніштерінде мұнай өндіру кейінірек басталады, деп хабарлады «Норт Каспиан Оперейтинг Компании Б.В.» (НКОК) компаниясының баспасөз қызметі.
Өнімді бөлу туралы келісім ауқымында 5 600 шақырымдық мердігерлік учаскеге Қашаған кеніші, сондай-ақ Қаламқас, Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кеніштері кіреді. Қашаған кенішінде 21 ұңғы мұнай өндіруге дайын.
«Қаламқас, Оңтүстік-Батыс Қашаған, Ақтоты және Қайраң кенштерінде бағалау жұмыстары жүргізілуде», - деп түсіндірді НКОК баспасөз қызметінде.
Каспий теңізі қайраңының қазақстандық учаскесінде бұрғылау жұмыстары басталғалы 41 ұңғы бұрғыланды, оның 20-сы - бағалау, 21-і - пайдалану бұрғылары.
1999 жылдан бері Қашағанда 220 мың метр тереңдік бұрғыланды. Бір ұңғының орташа тереңдігі - 4 мыңнан 4,5 мың метрге дейін.
Қашаған кенішін тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің алғашқы кезеңінде жылына 50 млн. тоннаға дейін мұнай өндірілмек. 2018-2019 жылдарға қарай екінші кезеңде - жылына 75 млн. тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарланып отыр.