Әлі де Олимпиада ойындарын жеңгеніме сене алар емеспін - З.Чиншанло

деп хабарлады елорданың спорт басқармасының баспасөз қызметі.
«Олимпиада ойындарын жеңгеніме әлі де сене алар емеспін. Мен бұл алтынға жетсем деп 5 жыл бойы армандадым. Есіме де алғым келмейді, әйтпесе тағы да көңілім босап кетеді», - деді ол.
Зүлфияның жеңісін тамашалаған барша жұртшылықты олимпиада чемпионының жеңіске жеткеннен кейін кіммен телефон арқылы сөйлескендігі толғандырған шығар. Сөйтсек, дәл сол күні бас жаттықтырушы Алексей Нидің қызы Таняның туған күні екен әрі оған Зүлфия сый ретінде «алтын» ұтуға уәде берген. Өзі де туған күнін 4 күн бұрын атап өтті.
Сонымен қатар бас жаттықтырушы өзінің шәкіртіне жеңіске жетсе, 1 келі балмұздақ алып беруге уәде беріпті. «Мен салмақ қуған болатынмын. Сондықтан да маған балмұздақ та, тоқаш та, тәтті де жеуге болмады», - деген спортшыға жанкүйлерлері ең жақсы бір шелек балмұздақ алып береміз деп құлшынды.
Қазақтың тағамының ішінен өзінің қазыны жақсы көретіндігін айтқан Зүлфияға залдан: «Тұрмысқа қашан шығасыз?» деген сауал қойылды.
«Мүмкін, ертең шығар», - деп қалжыңмен жауап берген ол одан кейін байсалды қалыпқа түсіп, өзінің әлі де 4 жыл тер төгіп қазақстандықтарды жаңа рекордтарымен, тамаша жеңістерімен қуантқысы келетіндігін баса айтты.