23:39, 05 Тамыз 2025 | GMT +5
Али Лариджани Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

Бұл қызметті бұған дейін Әли Акбар Ахмадиан атқарған болатын.
Еске салайық, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі қорғаныс стратегияларын әзірлейтін және қарулы күштердің мүмкіндіктерін орталықтандыратын, күшейтетін Қорғаныс кеңесін құруды мақұлдады.
Оның негізгі міндеттері қорғаныс жоспарларын бағалау, ұзақ мерзімді әскери тәсілдерді әзірлеу және қарулы күштердің тиімділігін арттыру болмақ.
Кеңесті Иран президенті Масуд Пезешкян басқарады. Оның құрамына биліктің үш тармағының, елдің жоғары әскери қолбасшылығының басшылары, сондай-ақ тиісті министрліктердің өкілдері кіреді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иран ұлттық валютасын деноминациялайтынын хабарлаған едік.
Сондай-ақ таяуда Иранда жаңа қорғаныс кеңесі құрылды.