Әлихан Смайылов Сыртқы істер министрлігінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Министрлер кабинетінің басшысы Әлихан Смайылов Сыртқы істер министрлігінің ұжымына жаңа басшы – Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді таныстырды. ҚазАқпарат бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: primeminister.kz

Әлихан Смайылов қазіргі геосаяси ахуал кезінде сыртқы саяси ведомство жұмысының маңызы артқанын атап өтті. Дипломатиялық шешімдер арқылы ҚР СІМ жақын және алыс шет елдермен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға және ұлттық экономиканы дамытуға елеулі үлес қосып отыр.
«СІМ жұмысының нәтижесі бәрімізге тікелей әсер етеді. Президент ведомство алдына маңызды мақсаттар қойды, ұжымға оларға қол жеткізуде табыс тілеймін», — деді Үкімет басшысы.


Премьер-Министр жауапты басшылық лауазымдарда мол тәжірибесі бар Мұрат Нұртілеу Мемлекет басшысы қойған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететініне сенім білдірді.

Описание: 📱


Соңғы жаңалықтар
Референдум