13:11, 30 Сәуір 2011 | GMT +5
«Әлім» ЖШС тасқын судан зардап шеккендер үшін үй тұрғызбақ
ОРАЛ. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында «Әлім» ЖШС тасқын судан зардап шеккендер үшін өз қаржысына екі пәтерлік бір үй тұрғызу жөнінде шешім қабылдады.

2002 жылы құрылған «Әлім» ЖШС өңірде көптеген ғимараттарды салған болатын. Мәселен, облыстық перинаталдық орталықты күрделі жөндеуден өткізіп, Переметный ауылында аудандық аурухананы, Қазталовта балабақшаны іске қосты.
ЖШС атқарушы директоры Ерлан Бақтияровтың айтуынша, кәсіпорын «Астана» шағынауданында 90 пәтерлік 5 қабатты үйдің біреуінің құрылысын да бастады.
Сондай-ақ «Әлім» ЖШС тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Оралға қарасты Зачаган кентінен қоғамдық моншаны да ел игілігіне бермек.