Әлия Арынова Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды

ПАВЛОДАР. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Ерлан Арынның бұйрығымен Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне Әлия Арынова тағайындалды,
None
None

 деп хабарланды өңір басшының баспасөз қызметінен.

 Әлия Амангелдіқызы Арынова 1998 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша Павлодар мемлекеттік университетін және 2006 жылы құқықтану бакалавры бойынша Еуразия Инновациялық университетін тәмамдаған.

Университетті бітірген соң облыстың экономика департаментіне жұмысқа орналасқан. 2003-2004 жылдары «Инжиниринг және технология трансферті» АҚ-да және экономист-менеджер болып «Павлодарэнерго» АҚ-да қызмет етті. 2005 жылдан бастап бас маман, Павлодар облысы Экономикалық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары, 2011-2012 жылдары Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі болып қызмет етті. 2012 жылдың ақпан айынан ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі болды.

Соңғы жаңалықтар