08:09, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
Әлия Ғалымова Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
ПАВЛОДАР. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Аймақ әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Әлия Ғалымова облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды,
деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Ә.Ғалымова 1970 жылы Павлодарда туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.
Әр жылдары оқу орындарында оқытушы, ҚР Президенті Әкімшілігінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, әлеуметтік-саяси бөлім меңгерушісінің орынбасары болған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде меңгерушінің орынбасары болып қызмет еткен.