Алқабилердің қатысуымен ірі көлемде есірткі сатушылар ұзақ мерзімге сотталды

ОРАЛ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Алқабилердің қатысуымен БҚО бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ҚР ҚК 259-бабы 3-бөлімі «а, в» тармақтарына сәйкес топ құрып, ірі көлемде есірткі сатумен айналысқан Т.Иваненко 13 жылға, А.Александров 14 жылға бас бостандықтарынан айрылды.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, сот барысында аталған адамдардың жалпы салмағы 5,7852 грамм құрайтын героинді сатып, пайда табу мақсатында заңсыз алып, сақтағаны анықталды. Содан кейін есірткіні сатып, түскен пайданы өзара бөліскен. Кінәлілердің айыбы толықтай дәлелденді.

Соңғы жаңалықтар