09:16, 13 Маусым 2024 | GMT +5
Алматыда таң ата күн ерекше қатты күркіреді
АЛМАТЫ.KAZINFORM - Алматылықтар күннің қатты күркірегенінен шошып оянды. Таң ерекше қатты күннің күркірімен басталды.

Әлеуметтік желіде түнеріп тұрған аспан мен ойнаған найзағайдың видеосы тарады.
Синоптиктердің болжауынша, 13 маусымда Алматыда күн ала бұлтты болып, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 13 метрге жетеді.
Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Осыған дейін «Қазгидромет» РМК атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 13 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, күн күркірейтіні туралы екертекен болатын.