Алматылықтарды беймәлім қатты дыбыс шошытты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматының әртүрлі ауданында кешке қарай біртүрлі дыбыс естілді.

Алматыда Назарбаев даңғылы бойында жаңа сквер ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде шамамен сағат 17:40–та Жетісу, Алатау, Наурызбай және Әуезов аудандарында түсініксіз дыбыс естілгенін жазды.

Көпшілігі бұл жылу электр орталықтарының бірінде ауа шығару жұмыстарына байланысты болуы мүмкін деп болжам айтты.

Алматының төтенше жағдайлар департаменті бұл жайтқа қатысты түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, дыбыс ЖЭО-1-де түтін мен күйеден құбырларды жоспарлы түрде тазалау (жуып шаю) жұмыстарынан кейін шыққан.

Департамент тұрғындарға ешқандай қауіп жоғын және жағдай толық бақылауда екенін мәлімдеді.

Еске салайық, дәл осындай дыбыс былтыр да жылу электр стансасынан шыққан еді.

 

Соңғы жаңалықтар