«Алматы-1- Қостанай» бағытындағы пойызда болған өртте зардап шеккен жолаушыларға өтемақылар төленеді

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Алматы-1- Қостанай» бағытындағы пойызда болған өрт салдарынан зардап шеккен жолаушыларға өтемақылар төленеді.
None
None

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Естеріңізге салайық, 1 мамыр күні Анар стансасында Алматыдан Қостанайға бет алған №43-ші пойыздың 9-шы вагонында өрт шыққан болатын. Алдын ала тергеу қорытындысына сәйкес, өрт вагонның тамбурынан шықты. Пойыз бригадасының жедел әрі ұйымдасқан түрдегі қимылдарының арқасында апаттың басқа вагондарға таралуына жол берілмеді. Жолсеріктер жылжымалы құрамды тоқтатып, жолаушыларды вагоннан шығарып үлгерді. Осы стансадан жолаушылар басқа вагонға ауыстырылды. Астанаға пойыз екі сағатқа кешігіп келді. Аталмыш факті бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанынан құрылған арнайы комиссия тергеу амалдарын жүргізуде.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен анықтағандай, абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, өрт салдарынан жеке заттары зардап шеккен жолаушылар бар.

Бүгін «Жолаушылар тасымалы» компаниясы зардап шеккен жолаушыларға сақтандыру өтемақылары төленетінін хабарлады. Өтемақыны алу үшін олар «Альянс полис» Сақтандыру компаниясы» АҚ-ына барып, тиісті құжаттарды (жеке куәлігі, науқастығы туралы анықтама, шығыны т.б) толтыруы қажет. Сақтандыру өтемақысы тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігі туралы келісім-шарттарға орай белгіленеді.

Соңғы жаңалықтар