Алматы агломерациясын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары талқыланды
Отырысқа Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдігінің, мемлекеттік органдардың, «Алматы қаласының даму орталығы» АҚ-ның, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның өкілдері және басқалар қатысты.
Отырыс барысында қатысушылар Алматы агломерациясының қызмет етуінің ағымдағы жағдайын қарастырды, өзекті көлік проблемаларын және өзек-қаланың инженерлік инфрақұрылымының және қала маңындағы елді мекендердің қазіргі жағдайын, агломерацияны қалыптастырудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеу үдерісінің өзекті мәселелерін және Алматы агломерациясының аумақтық дамуының өңіраралық схемасын талқылады.
Болат Жәмішев Алматы агломерациясының аумақтық дамуының өңіраралық схемасын әзірлеу қала құрылысы құжаттарының сатылылық тұрғызу үдерісінің қисынды жалғасы екенін және оның ішіндегі бастысы Қазақстан Республикасының аумақтарын ұйымдастырудың бас схемасы болып табылатынын атап көрсетті.
«Өңіраралық схемаларда, өз кезегінде, агломерациялық дамудың таңдап алынған бағыттары нақтыланатын болады, атап айтқанда, Алматы қаласы және Алматы облысына іргелес аумақтар Алматы қаласының және оның қала маңы аймақтарының проблемаларын шешу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың, бизнестің, қоғамның күшін бірлестіру үшін бірегей мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, отырысқа қатысушылардың назарына Қазақстан Республикасындағы агломерацияларды басқару моделі, атап айтқанда, басқарудың шартты моделі ұсынылды. Аталған басқару моделін қолданғанда республикалық маңызы бар қалалардың, астананың оларға іргелес жатқан облыс әкімдіктерімен бірлесіп, сондай-ақ, облыстық маңызы бар қалалар өздеріне іргелес жатқан аудандармен бірлесіп Қазақстан Республикасы Үкіметі тәртіппен анықтайтын агломерацияларды басқару мәселелері бойынша үйлестіру органын (кеңесін) құрады, сонымен қатар, агломерацияны дамыту бойынша бірлескен қызмет туралы меморандум жасасады.
Отырыстың қорытындысы бойынша Алматы қаласы және Алматы облысының әкімдіктерімен бірлесіп нысан және Алматы агломерациясының аумақтық дамуының өңіраралық схемасын әзірлеу үшін барлық бастапқы деректерді ұсынудың мерзімдері, атап айтқанда, агломерацияның шекарасын анықтау үшін ақпарат, агломерация аумағына жеке-жеке орналастыру жүйесін қалыптастыру, ресурс әлеуетін анықтау және басқалар анықталды.