17:52, 10 Тамыз 2015 | GMT +5
Алматы әкімі Бауыржан Байбек тиісті орган басшыларына сел салдарын жоюға қатысты бірқатар тапсырмалар берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қ. әкімі Бауыржан Байбек сел салдарынан зардап шеккен аудандардың инфрақұрылымдарын қалпына келтіру және зардап шеккен тұрғындарға жәрдемақы төлеу бойынша тиісті орган басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сонымен қатар, Жетісу ауданындағы жанып кеткен тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша да шығындарды есептеу керектігі айтылды.
Бұл тапсырмаларды қала әкімі қалалық атқару органдарының басшылары қатысқан отырыста жариялады. Онда үстіміздегі жылы 23 шілдеде болған сел тасқынының салдарын жою жұмыстары талқыланған болатын.
Айта кетелік, жуық арада Алматы қаласының жаңа әкімі зардап шеккен аудандарды аралайды деп күтілуде.