Алматы әкімі Мемлекет басшысына «Шаңырақ» шағынауданындағы жағдай туралы баяндады

АСТАНА-АҚОРДА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алматы әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа қаладағы жағдайы туралы баяндады. Атап айтқанда, жақында бірнеше ондаған үйді су басқан «Шаңырақ» шағынауданы жөнінде әңгіме болды.А.Есімов су тасқынынан зардап шеккендер үшін әкімдік жаңа жер учаскелері бөлінетін аумақты белгілегенін айтты. Ол жерде сондай-ақ төмен бағаға тұрғындарға ұсынылатын шағын үйлер салу жоспарлануда. Мемлекет басшысы қала әкімінің іс-қимылын қолдап, баспанасыз қалған адамдарға шұғыл түрде көмек көрсетуді тапсырды.
Соңғы жаңалықтар