Алматы әкіміне туризм саласындағы кемшіліктер айтылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға келген туристерге әуежайдан автобусқа мініп, Шымбұлаққа өз тобымен баруына жағдай жасалмаған, деді Алматының Іскерлік кеңесі отырысында Қазақстан туристік қауымдастығы президенті Рашида Шайкенова.
None
None

«Біз Қытайдан келген көп туристі қабылдай бастадық. Әуежайда саяхатшыларды күтіп алып тұрғанда автобустарымызды әуежай ғимаратына жақындата алмадық. Өйткені, Жолаушылар көлігі басқармасы бұған тыйым салған. Қазір күн салқын, күз айы туристеріміз жаңбыр астында қалып қойған кездері болды», - деді Рашида Шайкенова.

Сондай-ақ, ол Алматы әкімі Бауыржан Байбекке туристерді Медеуге тасымалдау мәселесінде де қиындықтар бар екенін жеткізді.

«Шымбұлаққа туристерді тасымалдайтын белгілі компаниялар бар. Бірақ, сол компаниялар меншігіндегі шағын автобустар 60-80 туристі бірден алып бара алмайды. Осыдан кейін, туристер тобын екіге бөлуге тура келеді, бұл шығынды арттырады», - деді Р.Шайкенова.

Рашида Шайкенов өз баяндамасында Шымбұлаққа турфирмалар жалдаған автобустардың кіруіне рұқсат беруді сұрады.

Сөз қорытындысында ол Алматыда туризм бойынша үйлестіру кеңесін құруға шақырды.

Алматы қаласының әкімі бұл ұсынысқа қолдау танытып, орынбасарларына үйлестіру кеңесін құруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар