Алматы әуежайына алғашқы Embraer 190 ұшағы келіп қонды

АЛМАТЫ. 1 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Кеше түнде халықаралық Алматы әуежайына «Эйр Астана» әуе компаниясының алғашқы Embraer 190 ұшағы келіп қонды.
None
None

Ұшақ Бразилияның Сан - Жозе -дус -Кампус қаласындағы зауыттан сәуірдің 26 күні ұшып шыққан болатын. Embraer 190 төрт аялдамамен жалпы ұзақтығы 22 сағат ұшып, түнде Алматы әуежайына қонды.

Әуежайда ұшақты «Эйр Астана» инженерлік департаментінің мамандары тосып алды. Олар жаңа ұшақты техникалық тексеруден өткізіп, құжаттарын дайындамақ. Содан кейін Алматы әуежайында «Эйр Астана» ұшқыштары сынақтан өткізетін болады. Жолаушылар тасымалдауға сынақтан соң рұқсат берілмек.

Embraer 190 әуе лайнері екімоторлы орта қашықтықта ұшатын E-Jet жолаушылар ұшағы саналады. 98 жолаушыға лайықталған. Орташа жылдамдығы сағатына 890 шақырым. Ұшу ұзақтығы 4500 шақырым. Естеріңізге сала кетейік, Embraer 190 қазақстандық әуе компаниялары сатып алған алғашқы ұшақ. Ұшақтың ресми таныстырылымы 23 мамыр күні өтеді.

Соңғы жаңалықтар