Алматы дәрігерлері қышыма дертінің көбейгеніне алаңдаулы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда санэпидемиолог мамандар қышыма дертінің көбейгендігін айтуда. Бұл туралы қалалық Тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Жыл басынан бері биыл 12 адам тері ауруына шалдыққан. Олардың 75 пайызы балаларда анықталған. Өткен жылы осы кезең аралығында 7 науқас тіркелген екен. Мамандардың айтуынша, мұндай көрсеткіш балаларға арналған мекемелердегі медициналық қызметкерлердің науқас балаларды бірден анықтауында болып отыр. «Әсіресе, жазғы демалыстан кейін тері қышымасы балалар арасында өршіп кетеді. Ал үлкендер өздерінше ем-дом жасап, мамандарға қаралмайды. Өйткені бұл қаралу түгіл, айтуға ұят нәрсе деп санайды. Сондықтан үлкендер арасындағы анықталу деңгейі төмен болып отыр», делінген баспасөз хабарламасында. Дәрігер мамандар қышыма дертінің белгілері пайда болған жағдайда қалалық тері-венерологиялық диспансерге жүгініп, 274 01 95, 274 05 85 телефондарына хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар