10:51, 24 Сәуір 2013 | GMT +5
Алматы-Екатеринбор тас жолында 29 жастағы ер адам ажал құшты
АСТАНА. 24 сәуір. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол-көлік апаты орын алып, салдарынан бір адам тіл тартпай кетті.
Бұл туралы өңірдегі ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы-Екатеринбор тас жолының 1208 шақырымында Семеновка ауылының маңында «Mitsubishi Lanser» көлігінің 50 жастағы әйел жүргізушісі жол ережелерін бұзып, жолаушыны қағып кеткен. Елорданың 29 жастағы тұрғыны сол жерде жан тапсырды. Бұл оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.