Алматы халықаралық әуежайында Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталеваны қарсы алу рәсімі болады

СТАНА. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат. Наурыздың 3-і күні сағат 00.30-да (жергілікті уақыт) Майндағы Франкфурттан LH 648 рейсімен Алматы әуежайына Ванкувер Олимпиадасының қазақстандық жүлдегері Елена Хрусталева келеді.
None
None

Бұл туралы Спорт комитетінің штаттық ұлттық командалар және спорттық резервтер дирекциясынан хабарлады. Спортшымен бірге Ванкувердегі қазақстандық делегацияның жетекшісі, Спорт комитетінің төрағасы Анатолий Құлназаров, Елена Хрусталеваның жеке жаттықтырушысы - Виктор Смирнов келеді.

Осы рейспен шаңғы жарысындағы көшбасшысымыз, Олимпиаданың жабылу рәсіміндегі Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы Алексей Полторанин, жаттықтырушылар Владимир Филимонов пен Сергей Тишков та келеді. Әуежай ғимаратында БАҚ өкілдері үшін спортшылармен брифинг ұйымдастырылады.

Спортшыларымызды қарсы алу рәсіміне Туризм және спорт министрлігінің, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері қатысады.

Қалған спортшыларымыз наурыздың 2-сі, 3-і және 4-і күндері басқа рейстермен ұшып келеді.

Соңғы жаңалықтар