10:59, 28 Шілде 2015 | GMT +5
Алматы ІІД: Сел салдарынан қаза тапқандар жоқ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қ. Ішкі істер департаменті сел салдарынан адамдардың қаза табуы туралы өсекті жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде сел құрбандарытуралы жалған ақпаратты есепке ала отыра, Алматы қ. Ішкі істер департаменті бұл мәлімет жалған екенін және сел салдарынан мерт болғандар жоқ екенін мәлімдейді», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, 23 шілдеде Қарғалы өзенінде су деңгейінің көтерілуі салдарынан «Қарғалы» және «Таусамалы» шағын аудандарын жарым-жартылай су басты. Салдарынан Алматы қаласының Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандарындағы үйлер зардап шекті. Соңғы деректерге сәйкес, шамамен 900 адам қауіпсіз жерге шығарылды.