Алматы қаласы әкімі БҰҰ-ның арнайы баяндамашысымен кездесті

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Кеше Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тұрғындардың өмір сүру деңгейлерінің жоғарылығы мен жеткілікті тұрғын үй мәселелері бойынша БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Ракель Рольникпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Ракель Рольник сонымен бірге, мемлекеттік бағдарлама және жеке бизнеспен салынып жатқан бірқатар тұрғын үй құрылыстарымен танысты.

Кездесу барысында қаладағы тұрғын үй жағдайлары, мемлекеттің азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуі және т. б. мәселелер сөз болды. Әңгіме барысында А. Есімов қаладан тұрғын үй алуға кезекте тұрғандар сонау КСРО заманынан бергі күрделі мәселе екенін атап өтті. Сонымен бірге, әкім мемлекеттің іскерлік құрылыстар мәселелерін дер кезінде шешіп отырғанын да мәлім етті. «Қазір Алматыда алдауға түсіп қалған немесе баспанасыз қалған үлескерлер жоқ. Тек кей құрылыстардың қаржы тапшылығынан аяқталмауы салдарынан біршама үлескерлер баспаналарын уақытылы иелене алмай жатыр», деді қала басшысы.

А. Есімов алданып қалған үлескерлер мәселесін шешуге 10 млрд. теңге бөлгендігін айтты. Ал қаржыны жымқырған құрылысқа жауапты ұжымдар қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Былтырғы эксплуатацияға берілген 1 млн. 50 мың кв. метр баспананың 500 мың кв. метрі - іскерлік құрылыс нысандары болып отыр. Бұл мәселеде де үлескерлер дауын шешуге республикалық бюджеттен 97 млрд. теңге бөлінген.

Сонымен қатар, қала әкімі Алатау ауданындағы жерді заңсыз иеленіп алғандар туралы да әңгіме қозғады. Ондағы 4500 заңсыз орналасқан құрылыстың бүгінге дейін 3300-і заңдастырылған. Ал қала әкімшілігі ендігіде халықты қауіпсіз әрі қолайлы орындарға орналастырумен айналысып жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар